ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Ауыл жастары бизнестен неге бас тартып жатыр?

Еліміздің ауылдарында жастардың жеке кәсіпкерлікпен айналысуы азайып барады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы LS басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

2025 жылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, елде 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға тиесілі 709,8 мың жеке кәсіпкерлік (ЖК) тіркелген. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (696,2 мың) 2 пайызға да жетпейтін өсімді көрсетеді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, жұмыс істеп тұрған кәсіпкер әйелдердің саны 5 пайызға қысқарып, 374,6 мыңды құраған. Ал ер адамдарға тиесілі ЖК саны керісінше 11 пайызға өсіп, 335,2 мыңға жеткен.

Қалаларда жас кәсіпкерлердің саны 3,9 пайызға артып, 537,1 мың адамды құраса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 3,8 пайызға төмендеп, 172,7 мыңға дейін қысқарған.

Салалар бойынша алғанда, жастардың басым бөлігі сауда саласында еңбек етеді. Алайда бұл бағытта да төмендеу байқалады: 2024 жылғы 304,8 мыңмен салыстырғанда 2025 жылы 297,2 мың (-2,5%).

Өңдеуші өнеркәсіпте 44,6 мың жас кәсіпкер жұмыс істейді, бұл өткен жылдың қаңтар–қыркүйек айларымен салыстырғанда 6,7 мыңға аз (-13%).

Ауыл шаруашылығында 29,4 мың адам тіркелген, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 37,4 мың болған (-21,3%).

Сонымен қатар көлік және қоймалау саласында жас кәсіпкерлер саны айтарлықтай артқан. Бұл салада 35 жасқа дейінгі 69 мың жеке кәсіпкер жұмыс істейді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда екі есе көп (34,2 мың).

Өңірлер бойынша ең көп жас кәсіпкерлер дәстүрлі түрде Алматы қаласында тіркелген – 128,2 мың. Одан кейін Астана (95,2 мың), Түркістан облысы (69,8 мың) және Шымкент қаласы (60,9 мың) орналасқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button