Танымал әншілер Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіков жер тепкілеп билеп, желі қолданушыларының сынына қалды, деп жазады qandastar.kz.
Жақында ғана 50 жас мерейтойын дүркіретіп тойлаған Тоқтар Серіков жақындарын үлкен мейрамханаға жинаған. Тойда эстрада әншілері ән шырқап, видеолардың бірінде Нұрболат Абдуллиннің әніне аянбай билеген екі дос әншіні көруге болды.
Видеода Мейрамбек пен Тоқтар бір-бірінің қолынан ұстап, жерді тепкілеп билеп жатқаны көрініс тапқан.
Алайда желі қолданушылары олардың билеу мәнерін жараспайтынын айтып, пікірлерде сынға алған. Кейбіреулер:
«Не би мынау?»
«Ауылдан шыққан деген ауылдан шыққан ғой, бірақ бұл би мүлде жараспайды»
«Тоқтар аға, өтініш, биді өзгертіңізші», — сияқты пікірлер қалдырған.
@toktar_beibyt 18 жасыңмен Мархабат 🥰🩵 #TS #BS #2025 ♬ оригинальный звук — toktar_beibyt



