Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Ауылда жұмыс бар, маман жоқ: Президент мәселені шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында саладағы кадр тапшылығы мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды qandastar.kz

Президенттің сөзінше, соңғы уақытта ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден жұмыс күші жетіспейтіні жөнінде көп өтініш түсіп жатыр. Бұл әсіресе егін егу, жиын-терін науқаны, өндірісті кеңейту немесе жаңа нысандар салу кезінде айқын көрінеді.

Маман тапшылығын кейде көршілес елдерден келетін еңбек мигранттары арқылы шешуге тырысады. Шаруалар квотаны ұлғайтуға өтініш білдіріп, бұл мәселені ішінара шешуге мүмкіндік бар.

Президент атап өткендей, кейбір адамдар ауылда жұмыс жоқ деп шағымданса, енді біреулері жұмыс күші жетіспейді дейді. Шындығында, жұмыс бар, бірақ оны атқаратын адамдар саны аз.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button