Жаңалықтар

Автобус жер астына түсіп кеткен: іздеу жұмыстары жанданды

«Майқайың алтын» АҚ аумағында қаңтарда ескі шахтаға автобуспен бірге құлаған құтқарушыларды іздеу жұмыстары жанданды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Кәсіпорын өкілдері іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін мәлімдеді.

«28 маусымда кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабымен бірлесіп, іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстары күндізгі уақытта таңғы 05:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Жұмысты 7 шілдеде аяқтау жоспарланып отыр, қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылады», – деді «Майқайың алтын» АҚ өкілдері.

Сондай-ақ, кәсіпорын өкілдері кестеге сәйкес дайындық жұмыстары жасалғанын айтты.

Жұмыстарға бульдозер мен екі экскаватор тартылған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close