Жаңалықтар

Автокөлікке «VIP-нөмерді» онлайн рәсімдеудің жолы қандай?

Автокөлігіңізге ерекше әрі есте қаларлық VIP-нөмір алғыңыз келе ме? Енді ол үшін ХҚКО- ға барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Қызметті Egov Mobile қосымшасы арқылы толықтай онлайн рәсімдеуге болады, деп жазады qandastar.kz сайты El.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл қызмет жеке тұлғаларға арналған және автокөлікке жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдауға мүмкіндік береді.

VIP-нөмірге онлайн тапсырыс беру үшін: Egov Mobile мобильді қосымшасын ашыңыз. Басты беттен: «Азаматтарға» → «Көлік және коммуникациялар» → «Автокөлік көлігі» бөлімін таңдаңыз. Бұдан кейін «Автокөлікке VIP-нөмірге тапсырыс беру» қызметіне өтіңіз.  «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, ұнаған VIP-нөмірді таңдаңыз.

Егер нөмір бос болмаса, жүйе басқа қолжетімді нұсқаларды ұсынады: Аймақты, ХҚКО-ны және ГРНЗ түрін көрсетіңіз. Бұдан соң қызмет ақысын онлайн төлеңіз.

Төлем аяқталған соң өтініш өңдеуге жіберіледі. Қызмет нәтижесі жеке кабинетте, қызметтің статус бетінде хабарландыру ретінде көрсетіледі.

  • Ең қымбат санаттағы комбинациялардан басқа кез келген таңдалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің құны 10 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, бұл 43 250 теңгеге тең.
  • Айна тәрізді сандық комбинациялары бар нөмірлер (181, 272, 363, 454, 595, 737, 818, 949) әріптері әртүрлі болған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде белгіленеді – 64 875 теңге.
  • Үш бірдей әріпті таңдауға рұқсат алу үшін нөмірдің құнына қосымша 57 АЕК қосылады, жалпы сомасы 246 525 теңге.
  • Үш бірдей әріп пен айна тәрізді сандарды біріктірген жағдайда нөмірдің құны 72 АЕК болады – 311 400 теңге.
  • Ерекше мәртебелі («әдемі») сандық комбинациялар және олардың құны

Төменде көрсетілген сандық комбинациялар ерекше сұранысқа ие болғандықтан, олар үшін жоғары тарифтер белгіленген:

  • 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 – 57 АЕК (246 525 теңге).
  • Аталған комбинациялар үш бірдей әріппен рәсімделген жағдайда – 114 АЕК (493 050 теңге).
  • 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 – 137 АЕК (592 525 теңге).
  • Үш бірдей әріппен бірге – 194 АЕК (839 050 теңге).
  • 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 – 228 АЕК (986 100 теңге).
  • Үш бірдей әріппен рәсімделген жағдайда – 285 АЕК (1 232 625 теңге).
  • Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, бірақ үш бірдей әріптен тұратын мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің құны 57 АЕК мөлшерінде белгіленген (246 525 теңге).

Жалпы өзгерістер мен жаңашылдықтар

«Әдемі» нөмірлердің барлық санаттары бойынша бағалар 10 пайыз артты. Жаңа сандық комбинациялар енгізілді, оның ішінде айна тәрізді сандар мен әріптерді таңдау мүмкіндігі кеңейтілді. VIP-нөмірлерді ресми және онлайн форматта алу мүмкіндігі қарастырылып, сатып алу тәртібі жеңілдетілді. Осылайша, 2026 жылы автомобиль мемлекеттік тіркеу нөмірлерін таңдап алу құны артқанымен, рәсімдеу тәртібі оңтайландырылып, азаматтарға ұсынылатын таңдау мүмкіндіктері кеңейтілді.

Бұған дейін 2026 жылы жол ережелерін бұзған жүргізушілерді қандай айыппұл күтіп тұрғаны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар Қазақстанда автокөлік нөмірлеріне онлайн сұраныс рекордтық деңгейге жеткен.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button