Жаңалықтар
Аягөз қаласындағы әскери бөлімшелердің бірінде сарбаз жарақат алып, көз жұмды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 13 маусым күні оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
“Кінәлі және лауазымды тұлғалар қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады”, – делінген министрлік хабарламасында.