Білім

Аятжан Ахметжан: Киіз үйде билегендер ЛГБТ өкілдері. Міне біздің идеологиямыздың жеткен жері

Фото: halyq-uni.kz

Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаш билегендердің видеосы тараған болатын. Видео қазақстандық блогер, биші Әлішер Сұлтанбекұлының Instagram-парақшасында жарияланды. Бұған белгілі педагог, еліміз бойынша ұлттық мектеп қалыптастыруға күш салып жүрген Аятжан Ахметжан дабыл қағып отыр.

«Ана қазақтың ұлттық нақышта жасақталған қара шаңырақ киіз үйінде ұлттық киіммен азғындар (ЛГБТ өкілдері екен) шектен шыққан видео түсіріп, шектен шығып фотолар түсіріп таратып жатыр екен. Міне біздің идеологиямыздың табан тіреген жері. Бұның бәріне көз жұмасың, елемейсің. Ертең ұлт ретінде құрып жоғаласың!

Бүгін онсыз да ұлт ретінде жан жақтан алған соққыдан ұрпақ та есеңгіреп, күллі ұрпақ құндылықтар соғысының құрбаны боп жатыр! Бұны заңмен тиіп, отбасы мен мектептегі тәрбиені оңалытпасақ онда ертеңіміз қиын! Ұрпақ тәрбиесі. Ұлттық мектеп. Ұлттық тәуелсіздік деп қақсайтынымыз сол ғой. Ұлттық мектептерімізді дамыта түсудің өзектілігін осындайда сеземін», – деді ол фейсбук парақшасында.

М.Снадин

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close