Жаңалықтар

«Азаматтардың шығынын азайтады»: Қазақстанда тағы бір қызметті онлайн алуға болады

Қазақстанда сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді енді онлайн режимде рәсімдеуге болады, деп жазады qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» қызметін онлайн режимде көрсетуге арналған пилоттық жобаны іске қосты.

Енді сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйге өтінім беріп, электрондық шартты «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ порталы арқылы рәсімдеуге болады. Бұдан кейін құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуге қажетті барлық құжат «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жүйесіне автоматты түрде жолданады, – делінген хабарламада.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің хабарлуынша, бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметті алу мерзімін қысқартуға, азаматтардың шығындарын азайтуға, сондай-ақ процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button