ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Азаматтардың табысы қымбатшылықтың артынан қуып жете алмай келе жатыр – Экономист

Фото: видеодан кадр

Белгілі экономист Мақсат Халық Qasqa Jol ютуб-арнасында қонақта болып, ел экономикасында болып жатқан біраз дүниеннің бетін ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Эконмистің айтуынша, ел халқының материалдық жағдайы күн өткен сайын төмендеп, азаматтар кедейленіп бара жатыр.

Қазақстанның халқы – кедей, өзі – бай ел. Бұл тіркес бүгінгі күннің ақиқаты болып отыр. Бірақ халықтың кедейлігін Үкімет мойындағысы келмейді. Елімізді орта державадағы мемлекет деп атайды. Бұлай айтуы идеологиялық тұрғыда дұрыс шығар. Ал халықтың өмір сапасына қарайтын болсақ, азаматтарымыздың төлем қабілеті жыл сайын нашарлап жатқанын байқаймыз. Осыдан 1-2 жыл бұрын жалақыға бір дүние сатып ала алатын болса, қазір жалақыларына дұрыс күн көре алмайды. Халықтың қазіргі жағдайы осындай. Одан кейін жұмыспен қамту мәселесі де әлі бір жолға қойылған жоқ. Жұмыссыздардың саны Үкімет есебі бойынша бір басқа, нақты жұмыссыздар саны бір басқа. Статистикада жұмыссыздарды 5% деп көрсетеді, ал Президентіміз 9% деп айтты. Сонда Президенттің өзі статистикаға күмәнмен қарап отыр. Сол үшін реалды түрде жұмыссыздардың санын нақты анықтап алу керек. Өйткені жұмыспен қамту орталықтарына барып тіркелмегендердің саны қаншама. Шенділер есеп бергенде халықтың табысы артып жатқанын айтады. Бірақ ол – атаулы жалақы. Ал нақты жалақы сіз өткен жылы алған 300-400 мың теңге ақшаңызбен осы жылы қандай да бір заттар ала аласыз ба деген нақтылықты көрсетеді. 5%-ға айлықтың өскенін көреміз, ал азық-түлік бұл ретте 10%-ға өсіп жатыр. Бейресми статистикада бұл өсім одан да көп. Азаматтардың табысы қымбатшылықтың артынан қуып жете алмай келе жатыр, – деді Мақсат Халық.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close