Жаңалықтар
Әзербайжан депутаты: Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек
Фото: ашық дереккөз
Әзербайжан депутаты Расим Мусабеков Turan агенттігіне берген сұхбатында осылай деді. Сөзінше, Ресей тарапы кешірім сұрап, кінәлілерді жауапқа тартудың орнына медиа арқылы ізін жасыруға ұмтылып отыр, деп жазады qandastar.kz
“Ұшақ Ресей аумағында, Грозный әуесінде атқыланған. Мұны жоққа шығару мүмкін емес. Мұны жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек, қаза болғандар мен зардап шеккендерге өтемақы төленуі керек. Бұлай болмаса әрине, қарым-қатынас басқа дәрежеге көшеді», – деді депутат.
Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты «тергеу қорытындысы шықпай, болжам жасау дұрыс емес» деген еді.