Қайрат Нұртастың жанкүйері 70 жасқа толған мерейтойын атап өтіп, әншіні шақыруға ниеттенген. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы блогер Батыржан Ибрагимовтың жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда отбасылық себептерге байланысты бұл тілегін орындау мүмкін болмаған. Әженің көңілі түсіп, көзінен жас ағып кетті.
— «Алла қаласа 75 жасыңа шақырамыз. Оған дейін басқа Қайраттар да шығатын шығар. Соларды шақырамыз», — деді қызы әжені жұбатып.
Алайда нағыз жанкүйер бұған көнбеді.
— «Маған тек Қайрат Нұртас керек. Әлі тыңдаймын оны. Өзгермейді. Қайрат — жақсы бала. Кез келген әнші халықтың жүрегіне кіре алмайды. 70-тегі менің жүрегіме кіріп тұр ғой. Менің балам сияқты», — деп жауап берді әже.
Жаңалық әлеуметтік желіде де қызу талқыға түсіп, әженің шынайы жанашырлығы көпшілікті тәнті етті. «Қайрат жанкүйерін қуантсын» деп жазып жатыр жұртшылық.



