
Әлеуметтік желіде әншінің 70 жастағы жанкүйерінің видеосы қызу талқыға түсті, деп жазады qandastar.kz порталы SN.kz-ке сілтеме жасап.
Авторының айтуынша, анасының 70 жас мерейтойына Қайрат Нұртасты шақырамын деп уәде берген екен.
Алайда белгілі бір себептермен той болмай қалған.
Сүйікті әншісін көре алмаған әже көзіне жас алып қалды.
“Алла қаласа 75 жасыңа шақырамыз. Оған дейін басқа Қайраттар да шығатын шығар. Соларды шақырамыз”, — дейді келіншек.
Әженің айтуынша, өзінің сүйікті әншісінен басқасы керек емес.
“Маған тек Қайрат Нұртас керек. Әлі тыңдаймын оны. Өзгермейді. Қайрат жақсы бала. Кез келген әнші халықтың жүрегіне кіре алмайды. 70-тегі менің жүрегіме кіріп тұр ғой. Менің балам сияқты”, — дейді қария.
Қазақстандықтар әжейге қолдау білдірді.
«Қайрат көрсе үйге кіріп шығады ғой, апаның қолын алып. Мен сенемін Қайратқа», «Келіп гүл беріп жатқан видеосын көрейік», «Қайрат Нұртастың концертіне апарыңыз», «Қайрат керемет жақсы жігіт, апаға барып немесе видео арқылы сәлем беріп қойса, бәріміз риза болып қалушы едік» деп жазды оқырмандар.



