ЖаңалықтарМәдениет

«Әжені көріп, үміт пайда болды»: Әмина апа ұлын 56 жасында босанғанын айтып, желі қолданушыларын таңғалдырды

Жетім балаларды қамқорлығына алған «Перзент» балалар үйінің басшысы Әмина қажы Әжібаеваның видеосы қазақстандықтарды таңғалдырды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Апаның айтуынша, туған төрт баласы бар екен.

«Өзімнің төрт балам бар. Үлкен қызды 39 жасымда, екінші қызды 41-де, үшінші қызымды 45 жасымда, ал ұлымды 56 жасымда дүниеге әкелдім», — дейді Әмина апа.

Ал тағы да бала туу жоспары жайлы сұраққа қалжыңмен жауап берді.

«Бар еді, бірақ көңіл күйім болмай жүр», — дейді апа.

Қарияның қалжыны қазақстандықтарды сүйсінтті.

 

Back to top button