Өзбекстанның танымал әншісі Юлдуз Усманова ажырасқан әйелдерге қатысты айтқан пікірінен кейін қоғамның сынына ұшырады. «Өзбек эстрадасының примадоннасы» атанған өнер иесінің сөзі әйелдер қауымының наразылығын тудырды, деп жазады qandastar.kz.
Әншінің ойынша, әйелдерге ажырасуға болмайды. Ажырасқаннан кейін оларға еркектер жабыса бастайды.
Осы ойын жеткізу барысында Усманова ажырасқан әйелдерді тұрмыстық заттарға теңеп, анайы әрі орынсыз балама қолданған.
«Ерден ажырасқан әйелдерге кім көрінген келіп тиіседі, унитаз секілді, әркім келіп асылады. Әйелдер өздеріңізді құрметтеңіздер. Ерің болғаны жақсы», – деген мазмұнда пікір білдірді әнші.
Бұл сөздер желі қолданушыларының ашуын туғызды. Көпшілік мұндай теңеуді әйелдің абыройын қорлау деп бағалап, Усманованы қатты сынға алды.



