Жаңалықтар

Ажырасқан соң ол мені аңдып жүрді: Дана Нұржігіт 6 ай бойы қандай қиындық көргенін айтты

Фото: ашық  дереккөз

Танымал журналист Дана Нұржігіт өткен өмірін еске алып, Динара Сәтжанға сұхбат берді, деп хабарлайды qandastar.kz  Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

“Екінші жолдасыммен ажырасқан соң, ол соңымнан аңдып жүрді. Менің өмірімде де осындай жағдай болды. Қазір құлағаннан кейін қалай аяққа тұру керегін жақсы білемін. Бірінші жолдасым, баламның әкесінен ажырасқан кезде бір-біріміздің көңілімізге тиетін сөздер, түрлі жағдайлар болды. Соңында, бір-бірімізді түсіндік. Сол кезде мәдениетті түрде ажырасудың не екенін түсіндім. Яғни, білімді адам үшін мұндай кезең қалыпты жағдайда болады. Ал адамға түсіндіру мүмкін болмаған кезде, неге ажырасамыз деген сынды сұрақ туындайды. Мұны ондай адамға қалай түсіндіруге болады”, – деді медиа маман. 

Дана Нұржігіт өзінің ішкі хәлінің мүшкіл болғанын айтты.

“Қазақстанда сталкинг (аңду) заңды бұзу болып есептелмейді. Тіпті ол тіркелмеген. Әдетте, аңдушылар өздерінің құрбаны туралы ақпаратты жинай бастайды. Алайда ол сіз туралы бәрін білетін бұрынғы күйеуіңіз болса, оқиғалар одан да жоғары жылдамдықпен дамиды”, – дейді Дана Нұржігіт.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close