Әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет ажырасудан кейінгі ішкі күйі туралы айтып, әзірге қайта тұрмыс құруға дайын емес екенін жеткізді, деп жазады qandastar.kz.
Оның сөзінше, балалары бар болғандықтан, болашаққа қатысты белгілі бір қорқыныш сезімі бар.
«Шүкір, 2 балапаным бар. Аллаға шүкір өсіп жатыр. Қандай да бір қарым-қатынас құруға, тұрмыс құруға асығыс емеспін. «Аузы күйген, үрлеп ішеді». Екі балам болғаннан кейін де, ойланасың, көп қарайсың, оңай емес. Менің болашақ жартымды олар қалай қабылдайды, қарым-қатынасы қалай болады деген сұрақтар жиі мазалайды мені. Кейде иә, алаңдайтын, уайымдайтын, қорқыныш сезімі болады. Ажырасып, жалғыз болсам бұлай қорықпас па едім… Екі балам болғаннан кейін, сәл қорқыныш сезімі бар. Бірақ, 5 баласымен де алып жатыр ғой. Жасым келген жоқ әлі. Отызға да толған жоқпын. Жұмысым бар, әп-әдемімін. Өз-өзіме жауап бере алатындай мінезім де жеткілікті. Кез-келген адамның бағын жағатын қызбын ғой негізі», — дейді әнші.



