Жаңалықтар
Азиадада ұлттық құрама алғашқы медаль алды

Фото: Сали Сабиров
Қазақстандық шорт-трекшілер бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы 500 метр, 1000 метр және 1500 метрге сырғанаудан өнер көрсетеді, деп жазды qandastar.kz
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының алғашқы алтын медаль иегері анықталды. Шорт-тректен 2000 метрге сырғанаудан аралас командалық эстафета қатысушылары Харбин қысқы Азия ойындарының алғашқы жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды.
Финалда Корея, Қытай, Жапония және Қазақстан құрамасы өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек алаңға шықты.
Жарыс кезінде отандастарымыз шеберлік байқатып, үшінші орынды сақтады. Алайда, соңғы сәтте көш басындағы Қытай спортшысы жарыс жолынан шығып қалып, Корея командасы чемпион атанды. Ал Қазақстан құрамасы мәреге екінші болып жетті. Үздік үштікті Жапония түйіндеді.
Қортынды нәтиже:
1. Корея (2 минут 41.534 секунд)
2. Қазақстан (2 минут 42.258 секунд)
3. Жапония (2 минут 44.058 секунд)
4. Қытай (2 минут 59.057 секунд)