Асхат Ниязовтың адамның жыныс мүшесіне тақия кигізу туралы сөздері қазақ қоғамының ашуын туғызды, деп жазды qandastar.kz
Бұған дейін Ниязов Қуаныш Бейсекке берген сұхбатында “Русланның (Руслан Тай) қазақы болғаны соншалық, ол мүшесіне де тақия киіп алған» деген болатын.
Осы жағдайға байланысты Ниязовтың үстінен журналист Айбар Олжаев арызданды.
«Онда ұлт араздығын қоздыру элементтері бар ма, жоқ па, соны анықтау үшін Бас прокуратураға Қылмыстық Кодекстің 174 бабы бойынша экспертиза жасауға өтініш түсірдім.
Бұл 100 пайыз іс қозғалады дегенді білдірмейді. Құзырлы орган қылмыстық құрам бар ма, жоқ па соны анықтайтын болады. Мүмкін бұл жәй әзіл шығар. Бірақ әзіл адамдарды жауластырмауы керек. Керісінше жақындастыруы керек еді. Асекеңнің тілімен айтсақ, хороший юмор объединяет, а не хороший разъединяет», — деп жазды журналист Айбар Олжаев.


