Жаңалықтар

Әзілкеш: Тойды орыстар сияқты 40 адамға жасау керек

Фото: Әлеуметтік желі

Танымал стендап-комик Тілеген Еркінбек отбасын құрғанын хабарлап, алдағы тойға қатысты жоспарын бөлісті деп хабарлайды qandastar.kz.

«Арзан психологтар» жобасымен танылған әзілкеш «Қызық Times» бағдарламасында некесін қиып, үш айдан кейін той өткізетінін айтты. Оның сөзінше, Семейде 140 адамға арналған үлкен той жоспарланған.

Алайда ол тойды шағын ауқымда өткізуді жөн көретінін де жасырмады:
«Орыстар сияқты 30-40 адамға жасаған дұрыс негізі. Өзім үшін емес, ата-анамның қалауы үшін той жасаймын», – деді Еркінбек.

Стендап-комиктің айтуынша, той өткізуге басты себеп – ата-анасының арманы мен қалауы.

Back to top button