ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Азия даму банкі еліміздегі тұрғын үй құрылысына қатысты жобаларды қаржыландыруға дайын

Бұл туралы мемлекет басшысының қабылдауында болған банк президенті Масато Канда айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сондай-ақ 30 жылдан астам уақыт ішінде Азия даму банкі елімізде жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткенін айтты.

Өз кезегінде Масато Канда Азия даму банкі Қазақстанмен арадағы ықпалдастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайтынын жеткізді.

Банк тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және өзге де маңызды стратегиялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін растады.

АДБ жетекшісі еліміздің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша алдыңғы орында тұрғанын атап өтіп, аса маңызды минералдар секторын ілгерілетуде, ірі инвестициялық бастамаларды іске асыруда зор әлеует бар екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Азия даму банкі арасында орнықты және ұзақ мерзімді серіктестік орнаған, еліміз өзара тиімді кооперацияны одан әрі кеңейтуге әзір.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button