
Қазан айының басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025 жылдың қазан айының басынан бері әлеуметтік маңызы бар сегіз азық-түлік түрінің бағасы төмендеген. Алты тауар бойынша баға тұрақты деңгейде сақталған. 30 қыркүйек пен 7 қазан аралығындағы апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 0% деңгейінде болды. Пияз 2,6%-ға, сәбіз 1,7%-ға, қырыққабат 1,0%-ға, картоп 0,8%-ға, күнбағыс майы мен қант 0,3%-ға, ұн мен күріш –0,1%-ға арзандады.
Нан, рожки, тауық еті, айран және тұз бағасы өзгеріссіз қалды.
Сондай-ақ бір апта ішінде кейбір өнімдердің бағасы өсті: қарақұмық жармасы 0,7%-ға, сиыр еті 0,4%-ға, сары май мен жұмыртқа 0,3%-ға, сүт пен сүзбе 0,1%-ға қымбаттады.
Өңірлік комиссиялар баға түзілу тізбегіндегі тиімсіз және негізсіз делдалдарды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2025 жылдың басынан бері 797 отырыс өткізіліп, олардың барысында негізсіз баға үстемелері анықталды. Аумақтық департаменттер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесінің сақталуын бақылауды жалғастыруда. Биыл осы талапты бұзғандарға қатысты 2 293 әкімшілік қаулы шығарылған. Сонымен қатар, 9 890-нан астам электронды шот-фактура (ЭШФ) тізбегі талданып, олардың 886-сында заңнаманы бұзу қаупі анықталған, — деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігінен.



