Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Бағаңды «түзетіп береміз»: Шымкентте студенттерді алдаған жалған «оқытушылар» ұсталды

Шымкентте өзін жоғары оқу орны қызметкері ретінде таныстырған күдіктілер студенттерді жүйелі түрде алдап келген, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Олар әлеуметтік желілер арқылы жастардың аккаунттарын тауып, жеке деректерін жинап, кейін мессенджер арқылы хабарласқан.

Күдіктілер студенттерді «академиялық қарыз қалыптасуы мүмкін» деп үркітіп, ақша төлеген жағдайда бағаларды «реттеп беруге» уәде еткен.

Әрбір жәбірленушіден 70-80 мың теңге алғаннан кейін байланысқа шықпай кеткен.

Құқық қорғау органдары алаяқтықтың кемінде алты дерегін анықтап, күдіктілерді ұстады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button