Шоу бизнес

«Бағы жанған жоқ»: Қайрат Әділгерейдің жұбайы енді Димаш Құдайберген жайлы айтты

Бұған дейін Мөлдір Мұқанованы сынға алған әнші Бақыт Тұрман, енді Димаш Құдайберген туралы өз ойын айтты, деп жазады qandastar.kz.

Актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы бұл пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, Димаштың жұлдызы Қазақстанда емес, Қытайда жанған.

«Димаш біздің елдегі талай концерке шығып дауысын көрсетіп ән айтты. Сол баяғы дауыс, ол дауыс ешқайда кеткен жоқ. Сол дауыспен барлық шеберлігін көрсетіп жүрді. Жанды ма бақ? Жанған жоқ. Ол кезде Димаштың бағы елде жүріп жанған жоқ. Қай кезде жанды бақ? Еңбек етіп, Қытайға барып барлық потенциалын көрсеткен кезде ғана, адамдар бағалағанда ғана бағы жанды. Қазір өзінің бабында, өзімен өзі керемет шауып келе жатыр», — деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button