ЖаңалықтарШоу бизнес

Бағжан Октябрь Меккеде тикток түсіріп сынға қалды (ВИДЕО)

Виолончелист әрі әнші Өктем Алтайдың ұлы Бағжан Октябрь қажылық парызын өтеу үшін Меккеге барған. Қасиетті мекенге сапары көпшілік тарапынан оң қабылданғанымен, оның әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбалары қоғамда қызу пікірталас туғызды, деп жазады qandastar.kz порталы Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан Бағжан Октябрьдің бірнеше әнге, соның ішінде клубтық әрі көңілді әуендерге бейнежазба түсіргені байқалады. Бұл әрекет кейбір желі қолданушылары тарапынан қасиетті орынға құрметсіздік ретінде бағаланды.

Желіде жазылған пікірлерде қолданушылар бұл жағдайды «қасиетті мекенді мазақ ету», «қажылықтың мәнін жеңілдету» деп қабылдағанын ашық білдірді.

«Қазір туризм сияқты болып кетті, елден қалмайық деп бәрі бара береді. Имандары тасып, тақуа болып баратындар азайды. Бұрын бару қиын кезде нағыз ниеті барлар ғана баратын», — деп жазды бір қолданушы.

Тағы бірі: «Еркелеткен сайын шектен шыға береді», — деп пікір қалдырды. Сын пікірлер арасында өткір реакциялар да кездесті. «Тойынған дейді мұндайды», «Ауру ма деп қалдым», — деген жазбалар да желіде тарады.

Сонымен қатар кейбір қолданушылар Бағжан Октябрьді қорғап, әр адамның жеке ісіне араласпау керектігін айтты.

«Нелерің бар, өзі білсін. Секірсе де, құласа да — өз еркі», — деп жазды олар.

Желіде күшейген сыннан кейін Бағжан Октябрь TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасын бұғаттағаны белгілі болды. Өнер иесі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

@snkz.media

Виолончелист, әнші Өктем Алтайдың ұлы Бағжан Октябрь қажылық сапарымен Меккеге барған. Қасиетті мекенге ат басын бұруы көпшілік тарапынан оң қабылданғанымен, әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбалары қоғамда қызу талқылауға ұласты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда Бағжан Октябрь бірнеше әнге, соның ішінде клубтық әрі көңілді ырғақтағы әуендерге контент түсіргені байқалады. Бұл әрекет бірқатар желі қолданушылары тарапынан қасиетті орынға құрметсіздік ретінде бағаланды. Желіде тараған пікірлерде қолданушылар бұл әрекетті «қасиетті мекенді мазақ ету», «қажылықтың мәнін жеңілдету» деп қабылдағанын ашық жазды. «Туризм ғой, қазір елден қалмайық деп бәрі бара береді. Имандары тасып, тақуа болып баратын адам азайды. Бұрын бару қиын кезде нағыз ниеті барлар ғана баратын», — деп жазды бір қолданушы. Тағы бірі: «Еркелеткен сайын шектен шыға береді», — деп пікір қалдырған. Сын пікірлердің арасында өткір реакциялар да болды. «Тойынған дейді мұндайды», «Ауру ма деп қалдым», — деген жазбалар да желіде тарады. Сонымен қатар кейбір қолданушылар Бағжан Октябрьді қорғап, әркімнің жеке әрекетіне араласпау керектігін айтты. «Нелерің бар, өзі білсін. Секірсе де, құласа да — өз еркі», — деп жазды олар. Желіде күшейген сыннан кейін Бағжан Октябрь TikTok желісіндегі парақшасын бұғаттап тастағаны белгілі болды. Өнер иесі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

♬ оригинальный звук — sn.kz

Ұқсас Мақалалар

Back to top button