ЖаңалықтарСпорт
Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік «Динамо» клубының ойыншысы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ресми түрде Мәскеудің «Динамосына» ауысты, деп хабарлады Qandastar.kz
«А әрпінен басталатын қала – Жамбыл яғни Тараз. Өйткені ол жақта жылы, ол жақта «Динамоның» жаңа ойыншыларының бірінің үйі бар. Бұл кім? Жақында біле аласыздар!» -делінген жазбада.
Бұл жолғы креативті таныстырылым Ресейдің «Динамо» клубына ауысқан Бақтиер Зайнутдиновке қатысты жасалған.
27 жастағы Зайнутдинов Ресей футболына жақсы таныс — ол бұған дейін «Ростов» сапында 35 матч, ЦСКА құрамында 83 матч өткізген. Ал «Бешикташта» өткен маусымда жарақатына байланысты небәрі 9 ойынға қатысқан.
Айта кетейік, «Динамоның» бас бапкері Валерий Карпин Зайнутдиновпен «Ростовта» жұмыс істеген және оны команда сапында қайта көргісі келетінін ашық айтып еді.