
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-28» кемесі ұшырылған сәтте техникалық құрылымдардың бірі бұзылғаны белгілі болды, деп жазды qandastar.kz.
«Коммерсантъ» газетінің жазуынша, зақымданған нысанды қалпына келтіру үшін кемінде алты ай, ал кей жағдайда екі жылға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Осы кезеңде Ресей Байқоңырдан ғарыш кемелерін ұшыруды уақытша тоқтатуға мәжбүр болады.
«Роскосмос» өкілдері ұшыру кешеніндегі зымыранды тік ұстап тұратын арнайы тұғырдың зақымданғанын растады. Басылым дерегінше, бейсенбі күні түстен кейін зымыран тасығыш көтерілу кезінде жылжымалы кабинаны іліп әкетіп, шамамен 20 метрге дейін сүйреп барып, жерге құлатқан. Нәтижесінде құрылғы қатты сынған.



