Жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын дамытуға 3,5 трлн теңге бөлмек

 

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты.

Қолдаудың негізгі бөлігі тікелей қолдау құралдары арқылы көрсетіледі. Оған 2,8 трлн теңге бөлінеді,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Бұл қаражат келесідей бөлінеді:

1,4 трлн теңге экономиканың нақты секторының жобаларын қаржыландыруға;

500 млрд теңге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыруға;

400 млрд теңге тұрғын үй блогын қолдауға;

400 млрд теңге «Наурыз» және «Отау» ипотекалық бағдарламаларын іске асыруға;

32 млрд теңге экспорттаушылар мен шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға;

Бұдан басқа, кепілдік беру, субсидиялау және сақтандыру сияқты жанама қолдау құралдары арқылы 700 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. 

150 млрд теңге инвестициялық жобалар мен ШОБ жобалары бойынша кепілдіктер беруге;

300 млрд теңге шағын және орта бизнес субъектілеріне субсидиялар беруге;

300 млрд теңге экспорттық операцияларды сақтандыруға бағытталады.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close