ЖаңалықтарШоу бизнес

Байырбекованың ұлы екі баласы бар әйелге ұсыныс жасады

Әнші Жазира Байырбекованың бауыры Ләззат Байырбекованың ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп жазады qandastar.kz

Блогер Тәуіржан бұрын тұрмыста болған қызға көңіл аударғанын және оның ұсынысын қабылдағанын әлеуметтік желіде жазды. «Ол «иә» деді» деп бөлісті.

Анасы Ләззат Байырбекова ұлының таңдауы туралы өз пікірін білдіріп, келінін шын келін болғанда ғана құттықтайтынын айтты.

«Келініңіз құтты болсын деп жатыр, бірақ бұл сөзді шын келін болған кезде ғана қабылдаймын. Қазір оны қабылдамаймын. Немере мен келін туралы әңгімелер тек сол күн келгенде айтылуы керек. Тәуіржан үйленуге дайын болсын. Ол үшін жағдай жасалуы керек, тек қана ғашық болу жеткіліксіз», — деді Ләззат Байырбекова.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button