Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасында орын алған ауыр қайғыны көпшілікке жеткізді, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, әкесі өмірден өткен. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті.
Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңның қасына асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау. Қаралы хабарды анашыма айтпай ауылға ұшырып жібердім. Атырауға, Құлсарыға жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді, – деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылғанын айтып, сол қасіретті кезеңді еске алған болатын.



