Жаңалықтар

Бақылау жоқ, құрылыста қаза тапқандар көбейді – депутат

Депутат Мұрат Әбенов елімізде, тіпті Астананың өзінде де құрылыс сапасына бақылаудың әлсіздігінен адамдар қаза тауып жатқанын айтты, деп жазады Qandastar.kz. Бір өңірде – қабырға құлап дәрігер көз жұмды, басқа жерде – лифт адамды басып қалды.

Әбеновтің айтуынша, бұл қайғылы оқиғалар – саланың жүйесіздігі мен бақылаудың жеткіліксіздігінің нәтижесі.

Осы мәселелерді шешу үшін жаңа Құрылыс кодексінде мемлекеттік бақылау күшейтілді, мемлекеттік архитектура-құрылыс бақылауы барлық кезеңге міндетті түрде қатысады, объектіні қабылдау процесіндегі жауапты тұлғалардың міндеті күшейтілді, кепілдік мерзімі 2 жылдан 10 жылға ұзартылды, 2000-нан астам түзету енгізіліп, баптардың 70%-ы өзгертілді.

Депутат ертең Мәжіліс бұл кодексті екінші оқылымда қолдайды деген сенім білдіріп, «Бизнес мүддесі адам өмірінен қымбат емес» екенін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button