Жаңалықтар

«Бақытты»: Дженнифер Лопестің мойнына шығып алған шегірткені желі қолданушылары әзілге айналдырды

Джей Лоның Алматыдағы концертінен кадр: instagram.com/archibaaalt

Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертінде күтпеген оқиға болды, сахнада тұрған әншінің мойнына шегіртке шығып алды, деп хабарлайды qandastar.kz KAZ.NUR.KZ.

Әншінің мойынына шыққан жәндіктің видеосы Instagram желісінде жарияланды. Кадрдан Джей Лоны видеоға жақыннан түсіріп жатқан сәтте әншінің мойнына үлкен шегірткенің қонғанын көруге болады – қызықты жайт Орталық стадионның үлкен экранынан көрінді.

Алайда әнші жәндікті қолымен алып тастап, әнін жалғастыра берді. Желі қолданушылары бұл жағдайды қалжыңға айналдырды.

«Джей Лоның концертіне шегіртке де барды, мен бармадым», «Концерттің билетін сатып алдың, ал ол тегін барды», «Бақытты шегіртке», «Билетсіз кірді – 100 пайыз», «Міне, VIP орыннан билет алған осы», — деп жазды желі қолданушылары.
«Мен армандаған кәсібилік деңгейі. Ханым», «Мықты екен — сасқан жоқ», «Кәсіби әнші — ол нотаны соңына дейін созды», — деп пікір қалдырды желідегілер.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close