Білім

Балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған

Фото: ашық дереккөз

Балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған, деп хабарлайды qandastar.kz Halyq Uni сайтына сілтеп.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдегі балабақшаларға тексеру жүргізіліп, мекемелерде әртүрлі салада 300-ден аса талап бұзылғандығы анықталған.

Ақпаратқа сүйенсек, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған.

Балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинады. Бұл ретте мекеме басшысы жұмыстан шығарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сонымен бірге, 3 балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары табылды.

Бұған қоса, 19 мекемеде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close