Білім

Балабақшаның бухгалтері миллиондарды шотына аударып алған

Фото: ашық дереккөз

Балабақшаның 15 млн теңгесін ұрлаған бухгалтер 7 жылға сотталды. Ол 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентін жасанды түрде арттырып, банктегі шотына жалпы сомасы 15 миллионнан астам теңге аударған, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Сотталушы сотта бұл қылмысқа қаржылық қиындықтардан (қарызын өтеу мақсатында) барғанын түсіндірген.

Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен расталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close