Жаңалықтар

Балағаттаған: Қызылорда облысында келіні енесін соттатты

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел адам жазаланды, деп хабарлайды  qandastar.kz Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Келіннің енесі үйіне алкогольдік ішімдік ішіп,  мас күйінде келген. Ол келініне балағат сөздер айтып, мазасын алған.

Сотта келіні мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

«Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген», – делінген сот шешімінде.

Келіншектің енесі айыбын толық мойындады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close