Жаңалықтар

«Балалар үйінен 8 бала асырап алған». Жол апатынан қаза тапқан полицейге қатысты деректер

Фото: Ашық дереккөздерден

Жамбылдағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан полицейдің бірі – «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы, 11 баланың әкесі 46 жастағы Ғалым Арыстанбаев болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2016 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданының жергілікті полиция қызметінің аға сержанты Ғалым Арыстанбаев жарымен бірге алты ұл, бес қызды тәрбиелеп отырғаны туралы жазылған еді. Олардың 8-і жетімдер үйінен алынған әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары, олардың ішінде қазақ, әзірбайжан, қытай, өзбек, сыған, орыс, ұйғыр, татар бар. Ол әйелімен отбасы типіндегі балалар үйін ашқан. Ғалым өз әйелінің керемет қолдау көрсететінін айтады. Әйелі Әлиямен 10 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келеді.
Полицей «100 жаңа есім» жобасына қатысып, екінші кезеңде жеңімпаз атанған. Сол кезде Назарбаевтың қолынан марапат алған.

Айта кетейік, 2024 жылдың 17 тамызында сағат 01:00 шамасында «Меркі – Шу – Бурылбайтал» республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. 25 жастағы Тойота Альфард автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Шкода Октавия патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүрген қызметтік көліктегі екі патрульдік полиция қызметкері қаза тапты. Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі – Ғалым Арыстанбаев болатын.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close