Жаңалықтар
Балаларға зиян бояғыш бар: Қырғызстанда ауғанстандық газдалған анар сусынына тыйым салынып жатыр
Қырғызстан Ауғанстанда өндірілген «Golden Life» газдалған анар сусынына тыйым салып жатыр,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Ош қаласында анар сусыны сауда орындарынан тәркіленіп жатыр. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сусын талаптарға сай келмейді екен. Тыйым халықтың, әсіресе, балалардың денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген. Өйткені сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.
Сауда желілерінің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы бұйрықтар берілген. Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.