Әлем жаңалықтары
«Балаларының көзінше»: Париж Олимпиадасына қатысқан спортшыны бұрынғы күйеуі өртеп жіберген
Фото: ашық дереккөз
Ақпаратқа сүйенсек, Диксон Ндиема бұрынғы әйелінің балаларымен бірге шіркеуге кеткенін пайдаланып, үйіне кіріп алған, – деп хабарлайды qandastar.kz
Париж Олимпиадасына қатысқан Угандалық спортшыны бұрынғы күйеуі балаларының көзінше өртеп жіберген. Францияның Paris Press агенттігі хабарлағандай, Париждегі Олимпиадалық марафонға қатысып, 44-орын алған Угандалық спортшы Ребекка Чептегейдің денесінің 75%-ын күйік шалған.Ақпаратқа сүйенсек, Диксон Ндиема бұрынғы әйелінің балаларымен бірге шіркеуге кеткенін пайдаланып, үйіне кіріп алған. 33 жастағы әйел үйге оралғанда, оған канистрден бензин шашып, сіріңке лақтырған.
Өрт Диксон Ндиеманың өзіне де тиген. Көршілері айғайлағаны дауысты естіп, жүгіріп келіп, медициналық көмек шақырған.
Чептегейдің денесінің 75% күйік шалғаны анықталды, дегенмен дәрігерлердің болжамы бойынша, оның сауығу мүмкіндігі бар. Алайда, спорттық мансабын жалғастыруы екіталай болуы мүмкін.
Жарияланымға сәйкес, ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан кейін үй мен жер телімін бөлісуге қатысты елеулі келіспеушіліктері болған. Чептегей бұрынғы күйеуімен байланысуды тоқтатқан, ал Ндиема да экс-сүйіктісімен татуласқысы келмейтінін бірнеше рет айтқан.