Жаңалықтар

«Баласы жолдың бойында жылап тұрған»: Қарағандыда жүргізуші әйелді қағып, қашып кеткен

Қарағанды қаласында 25 жастағы әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті, деп хабарлайды qandastar.kz. Оқиға кешкі уақытта болған. Әйел сол сәтте 4 жасар баласын балабақшадан алып келе жатқан.

eKaraganda.kz мәліметінше, соққыдан кейін жүргізуші бір сәтке де тоқтамай, оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, баласы жолдың бойында жылап тұрған.

Дәрігерлер зардап шеккен әйелдің аяғы сынғанын, қазіргі таңда жағдайы орташа ауыр екенін хабарлады.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтап, ұстаған. Көлік айыптұраққа қойылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button