Солтүстік Қазақстан облысының Ольшанка ауылында өрт кезінде қаза болған бес жасар қыздың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады qandastar.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында анасы баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен, содан кейін өрт шықты. Біз баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ауыл тұрғыны қамауға алынды, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Еске салсақ, 2026 жылғы 18 қаңтар күні Ольшанка ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан бес жасар бала көз жұмған болатын. Белгілі болғандай, өрт кезінде қыз үйде жалғыз болған.
Қызылжар ауданы әкімдігінің мәліметінше, отбасы әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз ретінде есепте тұрмаған.



