ДенсаулықЖаңалықтар

«Бәленің бәрі сақалдылардан шығады»: Семейде ер адам жүкті келіншектің қолын қайырған

Семейдегі емханада аяғы ауыр келіншек пен сақалды  ер адам арасында жанжал туды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі jagdaikz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйелдің айтуынша, қабылдауға кірер алдында  ер адам оның алдын орап, өтуге тырысқан. Әйел  бастапқыда үндемей қалғанын, алайда ескертуден кейін ер адамның оған тіл тигізе бастағанын мәлімдеді.

Зардап шегуші камераны қосқан сәтте ер адам жүгіріп келіп, оның қолын  қайырып, телефонды жұлып алған. Жанжалды тек медицина қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана тоқтату мүмкін болған.

Содан соң әйел полиция шақырып, арыз жазған. Алайда зардап шегуші құқық қорғау органдары ер адамнан тек түсініктеме алғанын айтып, қынжылды.

Желі қолданушылары «Бәленің бәрі сақалдылардан шығады», «Юбка киіп алмай ма?», «Балаға зиян тисе не болар еді, айыппұл салсын» деген пікірлер қалдыруда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button