ЖаңалықтарШоу бизнес

Балидағы жанжалға нүкте қойылды: қазақстандық модельге сот үкімі шықты

Бали аралында болған жанжалға қатысты қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбековаға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол ресейлік блогер Карина Фадееваны ұрғаны үшін жауапқа тартылып, ақшалай өтемақы төлеу және төрт аптаға қамау жазасына кесілді.

Сот процесінің аяқталғанын Карина Фадеева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, сот материалдық өтемақы мен бір айға жуық қамау түріндегі жаза тағайындаған.

«Мен кешіре аламын, бірақ адам өз қателігінен сабақ алмаса, өмір бәрібір оны ерте ме, кеш пе өз орнына қояды», – деп жазды блогер.

Оқиға қалай болды?

Бұған дейін Карина Фадеева Бали аралындағы барлардың бірінде қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекованың өзіне шабуыл жасағанын хабарлаған. Оның айтуынша, Алтайбекова жігітімен бірге отырған сәтте қызғаныштан шыны бөтелке лақтырған. Кейін модель кешірім сұрағанымен, келтірілген шығынды өтемеген. Сондай-ақ оның қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Гүлсезім Алтайбекова 2022 жылы өткен «Мисс ТМД» байқауында Қазақстан атынан қатысқан. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматшаның ұсталғанын растады.
Сонымен қатар жанжал болған мекеме өкілдері оқиғаның басында әйнек стақанды бірінші болып Карина Фадееваның құрбысы лақтырғанын алға тартты. Бар әкімшілігінің мәліметінше, оқиғаға қызметкерлер жедел араласып, зардап шеккен адам дереу медициналық мекемеге жеткізілген, ал бейнебақылау жазбалары құқық қорғау органдарына тапсырылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button