Жаңалықтар
Балқашта құбыр ауыстыру кезінде үш адамның сүйегі табылған
Фото: ашық дереккөз
Балқашта жылу магистральдық құбыр ауыстыру кезінде үш адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сүйектерді жұмысшылар Әлімжанова мен Калмыков көшелерінің қиылысындағы жылу трассасын жөндеу кезінде тапқан. Олардың айтуынша, мәйіттер құбырлармен қоршалған.
Бұл туралы олар полицияға хабарлаған. Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі адам сүйегі табылғанын растады.
– Іс полицияға тіркелді, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.
Балқаш қалалық ІІБ бастығы Айткен Кадринның мәлімдеуінше, қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалған.
Мамандар қаңқалардың жер астында қанша уақыт жатқанын және өлімнің зорлық-зомбылық болған, не болмағанын анықтайды. Полиция өлгендердің жеке басын анықтауға кірісті.
Сарапшылардың айтуынша, мәйіттердің жатқанына бірнеше жыл болған.