Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Балқашта жыл соңына дейін үш жаңа демалыс аймағы салынады

Фото: El.kz

Балқаш жолында дәмхана, супермаркет, техникалық қызмет көрсету сервисі, жанармай құю бекеттерін және жол бойындағы басқа да қызмет көрсету нысандарын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.  

Әкімдік Балқашта жағалауды абаттандыру және қалалық жағажайды жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Жыл соңына дейін үш жаңа демалыс аймағы салынады. Биыл екі демалыс аймағы мен бір қонақ үй салынған болатын.

Қалада су құбыры желілері, теміржол вокзалы мен әуежай жөнделіп жатыр.

Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты туристік аймақтардың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен деп сынаған болатын.

Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close