Жаңалықтар

«Балмұздақ лақтырған»: Тағы бір кәсіпкер тегін балмұздақ таратқаны үшін жауапқа тартылды

Шымкентте кәсіпкер тегін балмұздақ таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Бұл акция 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өткен. Тегін балмұздақ Шымкенттегі «Тұран-2» ықшамауданындағы «Жаңалық» сауда үйінің жанында таратылған. Бұл акцияның соңы балмұздақ лақтырып, шуға ұласты.

Ұйымдастырушыға 50 АЕК яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Ақтауда тегін балмұздақ таратып, тұрғындар арасында дүрбелең тудырған кәсіпкер Роза Рымбаева әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close