Жаңалықтар
Балық өсірушілерге субсидия беріледі
Фото: ашық дереккөз
Балық өсірушілерге су тұтыну шығындары үшін субсидия берілуі мүмкін. Бұл туралы мәжілісте заң жобасын таныстырған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, деп жазды qandastar.kz
Сондай-ақ вице-министр су айдындарын балық өсірушілерге берудің жаңа тәртібі қалай іске асатынын түсіндірді.
«Заң жобасында су айдындарын конкурстық негізде және конкурс рәсімдерін өткізбей беру тәртібі көзделген. Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады. Бұл ретте, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын құру жөніндегі инвестициялық жобалар үшін, егер инвестиция сомасы кемінде 150 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей беру ұсынылады. Бүгінде бұл сома шамамен 550 млн теңге болады», – деді Бердалин.