Қаржы және төлемдер

Банктер жоғары пайызбен берген кредитті дер кезінде төлеп отыру мүмкін емес – Аманжан Жамалов

Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы дамытуға баса назар аударды.

Жолдауда салық, банк секторы, қордаланған қарыз, кредит беру мәселесі айтылды. Сондай-ақ бизнесті қолдауға айрықша назар аударды. Бұл жайында экономика ғылымдарының докторы Аманжан Жамалов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты. Аманжан Жамаловтың пікірінше, бизнес өкілдеріне кредит беру мәселесін оңтайлы шешу керек.

«Қолжетімді несиелеу арқылы бизнесті қолдау – экономикалық өсімнің қозғаушы күші. Нақты секторды, әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға, салықты арттыруға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары банктер бизнеске қарағанда, халыққа жоғары пайызбен несие беруді күшейтті. Сөйтіп, теңсіздік туды: азаматтар тұтынушылық несие қамытын киіп жатса, шағын және орта бизнес қаржыландыру бойынша қиындыққа тап болды. 14 пайыз деңгейіндегі жоғары базалық мөл-шерлеме көптеген кәсіпкерге несие алуға мүмкіндік бермейді, себебі мұндай қарызды дер кезінде төлеп отыру тіпті мүмкін емес. Нәтижесінде, Үкімет бизнестің қаржыға қол жеткізуін жеңілдету мақсатында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға мәжбүр. Бұл өз кезегінде Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендетпеуіне себеп. Мұндай тұйық шеңберді жою керек. Кәсіпкер несиені қиналмай алып, қаражатын өндіріске, инновацияға және экспортқа сала алатындай жағдай туғызуымыз қажет. Бұл түйткілді тарқату үшін Үкімет пен Ұлттық банк ортақ шешім таба алады деп сенемін», – дейді экономика ғылымдарының докторы Аманжан Жамалов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close