Жаңалықтар

Банктерге қосымша құн салығы салынса, клиенттерге салмақ болмақ – Halyk Bank басшысы

Фото: ашық дереккөз

Үміт Шаяхметова қаржылық қызметтерге ешқашан салық салынбағанын және салудың қажеті жоқ екенін айтты, – деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап. 

«Біз түпкілікті ұсыныстарды көрген жоқпыз. Бірақ түзетулердің бірінші жобасында барлық қаржылық қызметтерге салық салу ұсынылды. Содан кейін депозиттер мен несиелерге салынбайды деді. Кейінірек салық тек комиссиялық болады деп хабарланды. Менің ойымша қаржылық қызметтер ешқашан ҚҚС салынбаған және оларға салық салудың қажеті жоқ, өйткені барлық қосымша салықтар клиенттерге ауыртпалық түсіреді», – деді Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметова.

Өздеріңіз білесіздер, несиелер мен депозиттерді қоспағанда, қаржылық қызметтерге қосылған құн салығын (ҚҚС) енгізуді ұсынатын жаңа Салық кодексі әзірленуде. Құжат жобасын жасақтаушылар салық салынатын қызмет құнының айырмашылығын банктер өз кірістерінен өтейді деп үміттенеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close