Жаңалықтар

Бапи: Армия мүгедек етуге мүдделі емес

Фото: ашық дереккөз

Сарбаз Ербаян Мұхтардың трагедиясынан соң қоғамда «баланы әскерге жіберудің қажеті жоқ» деген пікір қаптап отыр. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи осыған алаң, – деп хабарлайды qandastar.kz.

«Бізде әскердегі осындай жекелеген келеңсіз жәйттерді жебеу етіп, қоғам мен армияның арасына жік салу тенденциясы етек алуда. Әскерді құбыжық ретінде көрсету үрдісін масс-медиа өкілдері де үрлей түсуде.

Ресейдің Украинадағы агрессиялық соғысы тұрғысынан қарайтын болсақ, Қазақстандағы әскер мен қоғамның арасына осылайша сына қағу өте қауіпті құбылыс болмақ. Әскери орта субконтиненттік вакумдағы құрылым емес, ол қоғамның өзінен шыққан, халық дайындап берген әлеуметтік бір топ. Қоғам рухани тұрғыда қандай дімкәс болса, әскеріміз де сол сырқат қоғамнан алысқа кетуі мүмкін емес.

Сондықтан  елдің ертеңгі қауіпсіздігін қорғайтын әскерді отбасынан бастап қалыптастыруымыз керек. «Отан –  отбасынан басталады». Ал Отанды қорғау – бұл отбасын қорғау деген сөз», – дейді ол.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда 270 әскери қызметші қайтыс болған. Әскери прокурорлар оның басты себебін ауру, жол-көлік оқиғасы және өзіне қол жұмсау салдарымен түсіндіреді. Сарбаз Ербаян Мұхтарды да әжетханада құлап, басымен тақтайшаға соғылған деп мәлімдейді Ұлттық ұланның әскери бөлімі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close