Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-әріптесі Гауһар Танашеваның «депутаттың сұрақтары сүзгіден өтеді» деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бапидің айтуынша, ол өз сұрақтарын ешкімге тексертпейді. Депутаттық сауалдарын да өзі дайындап, бұл шаруаға ешкімді араластырмаймын деп отыр.



