Шоу бизнес

«Бәрі дұрыс па?»: Қайрат Түнтековтың оқырмандары оның денсаулығына алаңдады

Әнші Қайрат Түнтеков алдағы күндері жаңа әнін ұсынбақ. Бірақ әлеуметтік желілерде тараған оның соңғы видеосы желі қолданушылары арасында қызу талқылауға себеп болды, деп жазады qandastar.kz.

Бейнежазбада өнерпаздың өзгерген келбеті көпшіліктің назарын бірден аударды.

Желі қолданушыларының біразы әншінің сәл толысып кеткенін айтып, оның денсаулығына алаңдаушылық білдіруде. Пікірлер арасында:

«Семіріп қалыпты, бір жері ауырмай жүр ме екен?», «Денсаулығы қалай өзі?», «Қайратты тани алмай қалдым… бәрі дұрыс па?» деген пікірлер жиі кездеседі.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button